«2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 438 Қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 және «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері» туралы 2016 жылғы 1 маусымдағы № 272 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінде:
«II. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар» деген бөлімде:
«Көлiк және коммуникация» 12-функционалдық тобы мынадай редакцияда жазылсын:
«