Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2025 жылғы 14 шілдедегі
№ 129 бұйрығына 15-қосымша
Теннис бойынша спорттық даярлаудың ұлттық стандарты
Түсіндірме жазба
Спорт түрлері бойынша спорттық даярлықтың ұлттық стандарты спортшыларды даярлауды стандарттау, жүйелеу және тиімділігін арттыру үшін әзірленді. Оның негізгі мақсаты - «теннис» бойынша спорттық даярлықты жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін талаптар мен өлшемдерді стандарттау.
Мұндай стандартты әзірлеудің негізгі міндеттері мен мақсаттары:
1. Дайындықты біріздендіру
Өңірге, мектепке немесе жаттықтырушыға қарамастан елдің барлық аумағында спортшыларды даярлаудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз етеді.
2. Сабақтастықты қамтамасыз ету
Стандарт бастапқы кезеңнен бастап жоғары спорт шеберлігіне дейінгі дайындық кезеңдерінің нақты құрылымын белгілейді. Бұл спортшыны дамытудың қисынды және тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.
3. Дайындық сапасын бақылау
Даярлықтың әрбір кезеңінде нақты нормативтер мен нәтижелерге қойылатын талаптар айқындалады, бұл жаттықтырушылар мен ұйымдар жұмысының прогресі мен сапасын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
4. Спорт резервін қалыптастыруға ықпал ету
Стандарттар ұлттық командалар үшін сапалы резерв қалыптастыра отырып, дарынды спортшыларды анықтауға және дамытуға көмектеседі.
5. Халықаралық талаптарға сәйкес интеграция
Әзірлеу кезінде халықаралық стандарттар мен үрдістер ескеріледі, бұл қазақстандық спортшыларға әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
1. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы спорттық даярлық кезеңдеріне қойылатын нормалар
| Ұйым түрі | Дайындық кезеңі/жасы | Даярлық кезеңі/жас | Топтардың толығуы (адам) | Бір аптадағы сағаттар саны |
| Оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын ұйымдар (спорт мектептері, интернаттар, барлық түрдегі спорт клубтары, спорт секциялары) | АДТ - 1 | 8 | 8 | 416 |
| АДТ - 2 | 6 | 10 | 520 | |
| ОЖТ - 1 | 5 | 12 | 624 | |
| ОЖТ - 2 | 4 | 14 | 728 | |
| ОЖТ - 3 | 4 | 18 | 936 | |
| ОЖТ 3 оқу жылынан астам | 3 | 20 | 1040 | |
| СЖТ - 1 | 3 | 24 | 1248 | |
| СЖТ - 2 | 3 | 26 | 1352 | |
| СЖТ 2 оқу жылынан астам | 3 | 28 | 1456 |