«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 386/НҚ «Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 346/НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 386/НҚ «Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 346/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 386/НҚ «Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21436 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының «Киберқауіпсіздік туралы» Заңының 7-1-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 345) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.