Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 83 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдау кезінде алаң Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар) талаптарымен айқындалады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде үй-жайлардың жиыны мен алаңы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. МДҰ-да жобалауға арналған тапсырма бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жайылмалы кереуеттерді орналастыру үшін қосымша алаңның болуы ескеріле отырып, топтық (ойын) бөлмені жатын үй-жайларымен біріктіруге жол беріледі.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: