2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 21/304 шешімі
(2015.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015.17.03. № 23/374 шешімімен (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.10. № 28/422 шешімімен (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 100 159 424 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 59 495 387 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 529 109 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 38 132 428 мың теңге;
2) шығындар - 100 834 897 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 4 814 948 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 8 485 436 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 670 488 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 967 262 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 967 262 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 457 683 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 457 683 мың теңге.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015.17.03. № 23/374 шешімімен (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.10. № 28/422 шешімімен (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді