«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті (Оңтүстік Қазақстан облысыәкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 265 қаулысына 5-қосымша) (күші жойылды)

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 232 Қаулысымен күші жойылды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 9 қыркүйектегі

№ 265 қаулысына 5-қосымша

 

 

«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдарымен, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандар және қалаларының туберкулез диспансерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) ұсынылады.

Жүгінуді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - фтизиатр дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып расталған Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.

 

 

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

 мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекет ету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-әрекетін) бастау бойынша көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беруі негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір процедураның (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындау реттілігі, оның ішінде барлық процедураларды өту кезеңдері:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.