«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 463 бұйрығы (күші жойылды)

Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 463 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес реттелетін нарықтар саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41-НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9297 тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (28410) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);

2) «Реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 42-НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9300 тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (28410) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.