«Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 646 бұйрығы

«Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 646 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37241 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шот-фактураны жазып беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген шот-фактураның нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2026 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 646 бұйрығына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 28 қазандағы

№ 629 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Шот-фактураны жазып беру

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.