«Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 356/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: