«Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығы

 «Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығына (Нормативті - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11244 тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 60-бабын қолдану мақсатында «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Салықтар бойынша аудит Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде аудиттелетін субъектіге қатысты кешенді салық тексеру жүргізілмеген кезең үшін жүзеге асырылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, орындаушы аудитор қол қояды, аудиторлық ұйым басшысының қолтаңбасымен бекітіледі.»;

Қағидаларға қосымшада:

оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Аудиторлық ұйымның басшысы

______________________________________

______________________________________

(басшының Т.А.Ә. (болған кезде), қолы, аудиторлық

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.