«Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы

 «Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Түсім кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Арнаулы мемлекеттік қорға» қайтарылған қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша» және «Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес «Арнаулы мемлекеттік қорға» басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті өткізуден түсетін ақша» түсімдер кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қаржыландыру үшін де пайдаланылады.

Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның өтінішхатын РБК осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес түсімдердің 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшерде жылына 1 (бір) рет қарайды.

Бұл ретте қаржыландыруды есептеу активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қаржыландырудың соңғы бөлінуінен кейін арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер сомасынан жүргізіледі.»;

16-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшасы осы бұйрық қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.