«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 814 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 19, 105-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мына:
«
| Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) / / 1 студентті оқытуға жұмсалатын 1 (бір) кредиттің шығысы (теңге) | |||||
| Ұлттық ЖОО-да, Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті | Назарбаев Университетінде | Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде | Қазақстан-Британ техникалық университетінде | Astana IT University | Басқа ЖОО-да | ||
| 6B01 Педагогикалық ғылымдар | 8296 | 1010,9 /16 848 | 1010,9 /16 848 | 901,0 /15 017 | |||
| Оның ішінде тілдік дайындықты күшейту үшін | 1000 | 1010,9 /16 848 | 901,0 /15 017 | ||||