«Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 71 бұйрығы

 «Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 71 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18697 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.