Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығы
(2026.20.05. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 14 мамырдағы № 152-НҚ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026.14.05. № 152-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 23-бабының 1-тармағы 35) тармақшасының үшінші абзацына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. «Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 100-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36209 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;