«Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 136 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34550 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
««Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.»;