«Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 949 бұйрығы

«Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 949 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларында

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құрал-жабдықтар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ресімдеу және ұсынуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді. »

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

« 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы жүріп-тұру құралдары - мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.