«Бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ бұйрығы

«Бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде атаудың бірдей болу-болмауына тексереді, қорытындылары бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.»;

«Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.