«Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 103 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 103 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16985 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 265-бабының 10-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 265-бабының 10-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау тәртібін айқындайды.

Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген, өзгертілген және (немесе) толықтырылған күнен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге береді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.