«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 66/9-VI «Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 242/32-VII шешімі (күші жойылды)

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 66/9-VI «Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 242/32-VII шешімі

 

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 163/20-VIII шешімімен күші жойылды

 

Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының «Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2021 жылғы 16 шілдедегі № 66/9-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23923 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбын жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымша тегін берсін»;

көрсетілген шешімнің қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.