«Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 812 Қаулысы

«Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 812 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:

2-тармақта:

33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«33) тізілімнің веб-порталы - www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі - тізілім) сату объектілері және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру шарттары туралы электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;»;

35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«35) уәкілетті орган - қорғаныс өнеркәсібі саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;

мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

«39-1) қатысушының ақшалай балансы (бұдан әрі - электрондық әмиян) - екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына әлеуетті қатысушы құйған:

аукцион, тендер және жабық тендер нысанындағы сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.