«Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 147 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14856 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Бағдарламаға қатысушылар - кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша кредит/микрокредит алушылар болып табылатын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруашылық және фермерлік қожалықтар, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен бекітілген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған жұмыскер;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жұмыс істеп тұрған кәсіпкер - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде кредит/микрокредит алу үшін екінші деңгейдегі банктерге/микроқаржы ұйымдарына жүгінген кезде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан асатын кәсіпкер;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: