Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 343 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12527 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 20-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және құрылыс құнының 50 (елу) және одан да астам пайызы мөлшерінде шетелдік инвестицияларды тарта отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын, құрылысының құны алдынғы қатарлы жалпыәлемдік стандарттарға сәйкес айқындалған, жауапкершілігі І (жоғары) деңгейдегі объектілерді қоспағанда, құрылыстағы мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілер құрылысының (бұдан әрі - объектілер құрылысы) құнын айқындау тәртібін белгілейді.»;