Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 12 маусымдағы № 155 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Шардара қаласындағы су электр станциясынан Тама құдығына дейін электр желілерін тарту үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.