«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 және «Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 268 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15325 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 51-1 және 51-2-тармақтармен толықтырылсын:
«51-1. Уәкілетті ұйым медициналық сертификаттың қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
1) медициналық сертификат иегерінің осы Қағидалардың 27 және 28-тармақтарының талаптарын бұзуы;
2) медициналық сертификат иегерінің өзіне белгілі және медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өту кезінде және медициналық куәландыру арасындағы кезеңде кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін қауіп төндіретін аурулардың барлығы туралы ақпаратты жасырғаны анықталған;
3) медициналық сертификат иегері медициналық сертификатта белгіленген шектеулердің талаптарын орындамаған;
4) медициналық сертификат иегерінің өтініші бойынша.
Медициналық сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру кезеңінде оның иегері қолданыстағы медициналық сертификаттың болуын талап ететін функцияларды орындауға жол берілмейді.
Медициналық сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім тексеру материалдары мен өзге де растайтын құжаттар негізінде уәкілетті ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді.