Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығы
(2018.03.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесін тіркеу журналының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес және санитариялық-індетке қарсы және санитариялық алдын-алу шараларын жүргізу туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын тіркеу журналының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулыларын тіркеу журналының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын тіркеу туралы журналының нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды тіркеу журналының нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды тіркеу журналының нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды тіркеу журналының нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес кәсіби улануларды тіркеу журналының нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тағамнан улануды тіркеу журналының нысаны;