(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАЛАНЫ (БАЛАЛАРДЫ) ПАТРОНАТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУГЕ БЕРУ» МЕ...

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 26 маусымдағы

№ А-7/298 қаулысымен

бекітілді

 

Осы редакция 2016 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелері

 

1. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының білім бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында (бұдан-әрі-Стандарт) көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту немесе баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің

(қызметшілерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдеудің (әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады - 20 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру, құжаттарды басшылыққа жолдау;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады - 2 күнтізбелік күн. Нәтижесі - орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.