ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023.31.03. № 123/НҚ бұйрығымен күші жойылды (2023 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.12. № 1162 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 171 бұйрығына
3-қосымша
Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету
қағидалары
(2021.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.28.05. № 234 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы тіркелген немесе жылжымалы байланыс және олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсететін барлық операторларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сондай-ақ осы қызметтердің абоненттеріне және (немесе) пайдаланушыларына қолданылады.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.28.05. № 234 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021.24.12. № 441/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды: