(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҮЙДЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖАҒДАЙЫНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫ...

Осы редакция 2016 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 293 қаулысына 8-қосымша

 

Атырау облысы әкімдігінің

 2015 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 293 қаулысымен бекітілген



 «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

 «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың аудандары мен Атырау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

 (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына негіз болып табылды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.