«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 389 бұйрығы

«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 389 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. ЖЖОКБҰ осы Қағидалардың нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және оның сақталуын қамтамасыз етеді.

Білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖЖОКБҰ-дан екіншісіне қайта қабылдау және ауыстыру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

Қысқы демалыс кезеңдері сәйкес келмеген кезде қайта қабылдау және ауыстыру тәртібін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

Бұл ретте төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, соғыс уақытында, сондай-ақ оқу еліндегі қарулы, әскери қақтығыстар жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды шетелдік ЖЖОКБҰ-дан қайта қабылдау және ауыстыру оқу жылы ішінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушы қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген ЖЖОКБҰ-ға қайта қабылданады немесе ауыстырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.