«Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі №30 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 151 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 18 мамырдағы № 72 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
«Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 30 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) қолдануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты тексеру парағы;