Тезисы выступления министра по инвестициям и развитию РК Жениса Касымбека на коллегии МИР РК (г. Астана, 14 февраля 2018 года)

Тезисы выступления министра по инвестициям и развитию РК Жениса Касымбека на коллегии МИР РК
(г. Астана, 14 февраля 2018 года)

 

 

Құрметті алқа мәжілісіне қатысушылар!

 

Бүгін Министрліктің негізгі бағыттары бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тарсырмаларын жүзеге асыру жөнінде баяндауға рұқсат етіңіздер.

Индустриалды-инновациялық даму

Индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,1%-ға өсті.

Негізінен өндіріс көлемінің өсімі металлургия (+5,9%), азық-түлік өндірісі (+4,1%), мұнай өңдеу (+5,0%), химия өнеркәсібі (+7,2%), фармацевтика (+41,8%), жеңіл өнеркәсіп (+7,3%), машинажасау (+5,6%), құрылыс материалдары өндірісі (+ 3,7%) есебінен артып отыр.

2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 10,3%-ға өсті (22,3 мың АҚШ долл./адам).

2017 жылдың 11 айында өңделген өнім экспорты 22,1%-ға артып, 14 млрд. АҚШ долларын құрады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция 4,7%-ға өсті (981,6 млрд. теңге).

Бағдарлама аясында жыл сайын жаңа өндірістер құрылуда. 2017 жылы Индустрияландыру картасы аясында 1,5 трлн. теңгенің 120 жобасы іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Мынадай ірі жобалар іске қосылды:

1) «Роботтық дәнекерлеу әдістерін қолданумен металл конструкцияларының өндірісі бойынша қазіргі заманғы жобалар («Жігермұнайсервис» ЖШС) (Атырау облысы);

2) «құрғақ құрылыс қоспаларын, жіңішке ұсақтау толтырғыштарды, гипсті өндіру бойынша зауыттар кешені («Alina Holding» ЖШС, (Жамбыл облысы);

3) «Шыны зауытының құрылысы» «Алматы Стекло»ЖШС (Алматы обл.);

4) «Майда толтырғыштарды өндіретін зауыт құрылысы» ЖШС «Каратау ПРО» (Жамбыл обл.);

5) «Легирленген алюминий өндірісі» «Giessenhaus» ЖШС (Павлодар обл.).

Биыл жалпы сомасы 1 трлн. теңге болатын 150-ден астам жобаны іске қосып, 15 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.