Мәслихаттың 2024 жылғы 31 шілдедегі № 118 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 219 шешімі
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 31 шілдедегі № 118 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10260-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арқалық қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Арқалық қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арқалық қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: