Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 Қаулысы
(2021.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.17.02. № 34 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.17.02. № 34 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 84 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5801 тіркелген);