«Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 42 бұйрығы (күші жойылды)

 «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 42 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 384 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8918 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 32 (28256) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесінде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы Ереженің 5-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптары ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын кемелерге, авариялық-құтқару жұмыстарын, тұрақты жүк-жолаушылар тасымалын (паром), балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды, кеме қатынайтын жолдарда навигациялық белгілерді орнатуды және қызмет көрсетуді, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды орындайтын кемелерге қолданылмайды.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға мынадай шектеулер қойылады:

1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан көп емес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.