ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
3-қосымша
Осы редакция 2026 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі
нұсқаулық
(2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және биязы жүнді қой тұқымдарына бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитерлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу тәртібі
1-параграф. Бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді өнімділік бағытындағы биязы жүнді қойлар таза тұқымды қойлар мен будандарға бөлінеді.
4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады:
1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар;
4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануарлар.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады.
6. Биязы жүнді қой тұқымдары өнімділік бағыты бойынша: жүнді қойлар; жүнді-етті және етті-жүнді қойлар болып бөлінеді.