Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № А-2/90 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | М. Таткеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
2022 жылғы 25 ақпандағы
№ А-2/90 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша
субсидиялар көлемдері
| № | Субсидиялау бағыттары | Өлшем бірлігі | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
| Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
| 1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
| 1.1 | ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 23 000 | 230 000 |