«Электрондық шот-фактураларды жазып беруді салыстырмалы бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органының шешімдері нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 573 бұйрығы

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді салыстырмалы бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органының шешімдері нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 573 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 49-бабының 4-тармағының төртінші бөлігіне, 81-бабының 1) және 3) тармақтарына, 82-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 88-бабының 3-тармағына, сондай-ақ 142-бабының 1), 5) және 10) тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарлама нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру туралы шешім нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұрудың күшін жою туралы шешім нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламаны орындамаған салық төлеушімен өзара есеп айырысу фактісі туралы хабарлама нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламасы орындалмаған деп танылған салық төлеушімен өзара есеп айырысу фактісі туралы хабарлама нысаны бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.