ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.08.08. № 269 бұйрығымен 21-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.22.10. № 387 бұйрығымен 21-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
21-қосымша
«Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету
қағидалары
(2025.28.12. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесі - осы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;