Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 55 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 2-6) және 2-7) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және өзектілендіру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.