«Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 199 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 3 шілдедегі № 461 бұйрығы

 «Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 199 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 3 шілдедегі № 461 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 199 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген бюджетті қазынашылық атқару саласында басшылықты жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның ведомствосы (бұдан әрі - мемлекеттік қазынашылық) ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік қазынашылықтың бірінші басшысының және мемлекеттік қазынашылықтың көрсеткіштердің толтырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының қолымен электрондық құжат түрінде цифрлық жүйені (бұдан әрі - ЦЖ) пайдалану арқылы «факті» және «бағалау» бағандарын толтыра отырып, Тізбенің 1.2, 1.3, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.15, 1.16, 1.19, 1.21, 1.29 және 1.31-кестелерін, «бағалау» бағанын толтыра отырып, Тізбенің 1.4, 1.11, 1.12, 1.17, 1.22, 1.24, 1.25, 1.26 және 1.27-кестелерін, МЖӘ-РБ нысаны бойынша ақпаратты ұсынады.

МЖӘ-РБ нысаны бойынша деректерді қалыптастыруды мемлекеттік қазынашылық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен түскен ақпарат негізінде жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік міндеттемелерді төлеуді көздейтін мемлекеттік қазынашылықта тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына МЖӘ-РБ нысаны бойынша ақпаратты ЦЖ пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде мемлекеттік қазынашылыққа ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.