Қазақстан Республикасында 2018-2020 жылдарға арналған нефрологиялық қызметті жетілдіру бойынша Жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 30 шілдедегі № 463 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында нефрологиялық қызметті жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2018-2020 жылдарға арналған нефрологиялық қызметті жетілдіру бойынша Жол картасы бекітілсін (бұдан әрі - Жол картасы).
2. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (келісім бойынша), ведомстволық бағынысты және өзгеде ұйымдардың басшылары (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген Жол картасын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жыл сайын оның орындалуы бойынша ақпаратты тиісті жылдың 20 желтоқсанына дейін ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы |
А. Цой |
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2018 жылғы 30 шілдедегі
№ 463 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында 2018-2020 жылдарға арналған нефрологиялық қызметті жетілдіру бойынша
Жол картасы
| № | Іс-шаралардың атауы | Орындау мерзімдері | Жауапты орындаушылар / бірлесіп орындаушылар | Аяқтау нысаны | Қаржыландыру көзі |
| 1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру | |||||
| 1. | 2018 - 2020 жылдарға арналған нефрологиялық қызметті дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу. | 2018 жылғы қазан | ДСБ, «Қазақстан нефрологтары, диализ дәрігерлері және трансплатологтар» РҚБ (келісім бойынша), Диализдік провайдерлер қауымдастығы (келісім бойынша) | ҚР ДСМ-ге ұсыныстар | Талап етілмейді |
| 2. | Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын әзірлеу және бекіту. | 2018 жылғы желтоқсан | ҚР ДСМ (МКҰД) | Бұйрық | Талап етілмейді |