«Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 44-152 шешімі
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 3 қазандағы № 51-165 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 13 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген), Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 22 мамырдағы «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 3-11 және Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі «Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 3-11 «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 10-35 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы | С. Нұрқадыров |
2025 жылғы 8 мамырдағы
№ 44-152 шешіміне қосымша