«Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 63 Қаулысы
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аутентификаттау - клиенттің, электрондық хабарламалардың және өзге де құжаттардың, оның ішінде микрокредит беру үшін қажетті, сондай-ақ клиентті және оның өз еркінің мазмұнын айқындайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқалығын тексеру рәсімі;
2) екі факторлы аутентификаттау - екі түрлі өлшемді пайдаланып, парольдерді немесе аутентификаттау белгілерін (токендер, смарт-карталар, бір реттік парольдер) жинақтау және енгізу арқылы, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымды пайдалана отырып жүзеге асырылатын аутентификаттау;
3) жеке кабинет - электрондық тәсілмен микрокредиттер беру шеңберінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым мен клиент арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін көпфункционалды қорғалған сервис;
4) клиент - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан немесе микрокредит алуға өтініш берген (беруге ниеттенген) жеке немесе заңды тұлға;