«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 қаулысымен бекітілген) (2016.29.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.29.04. № 146 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 4 тамыздағы

№ 200 қаулысымен бекітілген

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 75 Қаулысымен күші жойылды

 

«Дәрігерді үйге шақыру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.29.04. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі -портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) тікелей немесе телефон арқылы жүгінген жағдайда-көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) жазу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап береді;

2) порталға электрондық форматта жүгінген жағдайда-өтініш көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама жіберіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.