(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ 2023...

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу бойынша сараптамалық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 217 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу бойынша сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (Қ.Б. Жұмашев) осы бұйрықты сараптамалық кеңес мүшелерінің назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Ғ. Бейсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2023 жылғы 19 шілдедегі

№ 217 бұйрығына

қосымша

 

 

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының

2023-2026 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан

өткізу бойынша сараптамалық кеңестің

құрамы

 

№

Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса)

Жұмыс орны/лауазымы

1.

Чокушева

Әлия Иағалиқызы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице Президенті, PhD докторы, сараптамалық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)

2.

Сапиева

Майра Сайымқызы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Кәсіби білім беру мазмұнын трансформациялау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, сараптамалық кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.