Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 164 бұйрығы
(2024.23.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 362 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.19.01. № 24 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.19.01. № 24 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-26) тармақшаларына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.19.01. № 24 бұйрығымен алып тасталды (2024 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандары бекітілсін.
2. «Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 242 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10574 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;