Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
5-қосымша
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 35 Қаулысымен күші жойылды
«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хатты жіберу не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 24 және 25-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Тұлғаға банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде банк капиталына елеулі қатысуға не еншілес банк құруға немесе сатып алуға рұқсат бірге беріледі.