«Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 156 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында (бұдан әрі - Стандарт):
1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және амбулаториялық, стационарлық және стационар алмастыратын жағдайларда жарақаттары, тірек-қимыл аппаратының және сүйек-бұлшықет жүйесінің (бұдан әрі - СБЖ) аурулары бар пациенттерге травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.
Травматологиялық және ортопедиялық көмек меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарымен көрсетіледі.
2. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат саны осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.