«Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салық органына салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салықтардың сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді ұсыну қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 72 бұйрығы (күші жойылды)

Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салық органына салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салықтардың сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді ұсыну қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 72 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салық органына салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салықтардың сомаларын екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді ұсыну қағидалары және мерзімдері бекітілсін.

2. «Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 103 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10515 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.