«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 204 бұйрығы

«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 204 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:

3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік архивке беру, архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, архивтік құжаттарды сақтау және есебін жүргізу, пайдалану, сондай-ақ нотариаттық құжаттарды тиісті архивке тұрақты сақтауға тапсыруды:»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық архивтік құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.

Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық архивке беру бойынша шаралар қолданады.

Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шыққанда нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып, аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық архивке қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.